Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Педофилдер өлім жазасына лайықты - Балиева

AstanaTV
22.11.2016ж. 20:00
3041
Педофилдер өлім жазасына лайықты - Балиева

Педофилдер мен балаларды өлтіргендер лаңкестерге, әскери қылмыс жасағандарға теңестірілуі керек, және олар өлім жазасына лайықты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында балалар құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева осылай деді. Депутаттың айтуынша, ол үшін бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізу қажет.

Бүгінде Қазақстан түрмелерінде зорлық әрекеті үшін жазаланған 1300-дей қылмыскер отыр. Олардың темір тордан босаған соң мұндай сұмдықты қайталамасына ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан заңдағы ең ауыр жаза - өлім жазасын қарастыру керек,- деді Зағипа Балиева. Ол сондай ақ отбасында балаға моральдық немесе физикалық тұрғыда жәбір көрсеткендер де қатаң жазалануы керек деп есептейді. Осы ретте балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу мақсатында маңызды құжат дайындалып жатқанын айтты. Оған еліміздің құқық қорғау органдары мен шетелдік мамандардың ұсыныстары енгізілмек.

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, балалар құқығы жөніндегі уәкіл:

Қазір осындай қылмыскерлерге қатысты жазаны қатаңдату туралы сұрақ бар. Мен, балалар құқығы жөніндегі уәкіл ретінде мұны құптаймын. Біз соғыс кезінде қылмыс жасағандар мен террорлық шабуыл жасағандарды өлім жазасына кессек, балаларды зорлағандарды, өлтіргендерді де осылай ауыр жазалау керек.