$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Ақтөбе облысының 32 жастағы тұрғыны сыныптасын алдап, атына несие рәсімдеген

AstanaTV
21.10.2023ж. 12:57
876
Ақтөбе облысының 32 жастағы тұрғыны сыныптасын алдап, атына несие рәсімдеген

Ақтөбе облысының тұрғыны сыныптасын алдап, атына несие рәсімдеген, деп хабарлады Polisia.kz.

 Алға ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын 32 жастағы әйел өзінің бұрынғы сыныптасына көпбалалы отбасы ретінде жеңілдікпен мемлекеттік бағдарлама арқылы қаладан пәтер алуға көмектесе алатынын айтқан.

«Нәтижесінде сыныптасының жеке деректерін иеленген ауыл тұрғыны оның атына банктен, бірнеше шағын қаржы ұйымдарынан ақшалай несие және дүкендерден ірі көлемде тауарлық несиелер рәсімдеген. Жәбірленуші бір миллион теңге көлемінде қарыз болғанын өзіне несие төлеу мерзімі өткені туралы хабарламалар келе бастағанда ғана біліп, полицияға арызданды», – делінген хабарламада.

Алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Ақшаны ол жеке қажеттіліктеріне жұмсап жібергені анықталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.