Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Головкин тізімде жоқ: Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингісінде көш бастады

AstanaTV
21.10.2023ж. 14:10
527
Головкин тізімде жоқ: Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингісінде көш бастады

Әйгілі америкалық The Ring журналы орта салмақтағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. Оған сәйкес, жақында жеңіске жеткен Жәнібек Әлімханұлы көш бастап тұр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Рейтингтің алдыңғы нұсқасымен салыстырғанда осы жолы бірқатар өзгеріс орын алған. Бұрынғы көшбасшы Геннадий Головкин тізімнен шығарылып, оның орнын бұған дейін екінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы басты. Тағы бір отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов 7-орыннан алтыға көтерілді. The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең үздік деп танылған 10 спортшы мыналар: Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан), Карлос Адамес (Доминикан Республикасы), Эрисланди Лара (Куба), Сергей Деревянченко (Украина), Крис Юбэнк-младший (Ұлыбритания), Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан), Элайджа Гарсия (АҚШ), Феликс Кэш (Ұлыбритания), Лиам Смит (Ұлыбритания), Хамза Шираз (Ұлыбритания).