Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады

AstanaTV
21.10.2023ж. 14:33
489
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады

Қазақстан халқының саны бүгінде 19,9 млн құрайды. Осылайша, елімізде туу көрсеткіштері тұрақты оң динамиканы көрсетіп, соңғы 10 жылда (2012-2021 жылдар) орта есеппен 2%-ға артқан. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы Әркен Өтенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Табиғи өсуге әсер ететін тағы бір көрсеткіш – өмір сүру ұзақтығының артуы.

Мысалы, егер 2013 жылы өмір сүру ұзақтығы 70,6 жас болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 74,4 жасқа жетті.

«Жалпы, Қазақстан халқының демографиялық құрылымы әлі де салыстырмалы түрде жас. Тұрғындардың он жылдық кезеңдегі орташа жасы небәрі алты айға - 31,6-дан 32,1 жасқа өсті. 2021 жылғы әлемдегі жағдай бойынша орташа жас 30 жасты құрайды», - деп атап өтті Әркен Өтенов.

Спикердің пікірінше, әлемдік және отандық сарапшылардың болжамдарын талдай отырып, 2050 жылға қарай Қазақстанның қолайлы демографиялық құрылымды сақтап қалуға барлық мүмкіндігі бар. Туудың жоғары деңгейі халықтың өсуіне ықпал етіп, еңбекке қабілетті адамдардың үлесі басым болып қалады.

«Оңтайлы шешім тұрғысында, Қазақстан «демографиялық дивидендке» немесе «демографиялық бонусқа» ие болып, жас және белсенді тұрғындардан экономикалық пайда ала алады», - деді Агенттік төрағасының орынбасары.

Қорытындылай келе, спикер талдау мен зерттеулерге негізделген бірқатар ұсыныстарды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың алдында тұрған әлеуметтік сипаттағы міндеттер жайлы да айтты.