Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

AstanaTV
22.10.2023ж. 08:10
479
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Астанада 22 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жауын жауады (көбінесе жаңбыр түрінде). Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың басым бөлігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с.

22 қазанда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын жауады (жаңбыр, қар). Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстік-батысында, орталығында екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Ақтөбеде 22 қазанда желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

22 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с –ке жетеді.

Оралда 22 қазанда жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын жауады (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күннің аяғында облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с.

Көкшетауда 22 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. Күннің аяғында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

22 қазанда түнде және таңертең Манғыстау облысының батысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

22 қазанда күндіз Түркістан облысының солтүстік, батыс, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте 22 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Түркістанда 22 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

22 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады облыстың басым бөлігінде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Петропавлда 22 қазанда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 қазанда күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.

Қызылордада жел оңтүстіктен соғады, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с.

22 қазанда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

22 қазанда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Қостанайда 22 қазанда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

22 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жауын жауады (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

22 қазанда күндіз кей уақытта Ұлытау облысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Жезқазғанда 22 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

22 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Қарағандыда 22 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.