Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас інілерімен бала кезде түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әнші бұл фотоларды інісі Аян Нұртастың туған күнінде бөлісті.
"Қан мен жаның бір тамырдан жаралған. Бауыр барда бақытсызбын дей көрме, @ayan__nurtas Алла бере салғаным Туған күніңмен", - деп жазды Қайрат Нұртас.
Әншінің оқырмандары "Үшеуі де сүп-сүйкімді", "Қайта келмес бозбала кез", "Бауырлар красавчик", "Қайрош легенда, тіл-көзден аман болыңыздар" деп пікір жазып, әншінің інісін туған күнімен құттықтап жатыр.