Солтүстік Қазақстан облысында Audi мен "МАЗ" жүк көлігі соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды "Петропавловск.news".
Басылымның облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, жол апаты 20 қазанда сағат 20:05-те Мамлют ауданы, "Мамлютка – Қостанай" тас жолында 7-ші шақырымында болған. Жол апаты салдарынан Audi маркалы жеңіл көлігінің 53 жастағы жүргізушісі қаза тапты.
"МАЗ автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі медициналық тексеруге жіберілді, алдын ала болжам бойынша ол масаң болмаған, көліктер арнайы тұраққа қойылды", – деп хабарлады ведомстводан.
Полицейлердің мәліметінше, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.