Fichajes порталының хабарлауынша, Дортмундтың "Боруссияның" шабуылшысы Юссуф Мукоко мансабын каталониялық клубта жалғастыруы мүмкін."Барселона" 18 жастағы форвардқа қызығушылық танытып, оны 35 жастағы Роберт Левандовскийдің орнын басады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Юсуфтың "Боруссиямен" келісімшарты 2026 жылдың ортасына дейін есептелген. Футболшының нарықтағы бағасы Transfermarkt мәліметтері бойынша 30 миллион еуро тұрады. Крзистік кезеңде жүрген клуб үшін бұл қаражат аса ауырлық тудырмайды.
Бундеслиганың ағымдағы маусымында Мукоко төрт матчқа қатысты. Бірақ әзірге нәтижелі әрекеттерімен ерекшелене алмады.