$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Ұлттық бірыңғай тестілеуде бір сұрақ бойынша екі балл алуға мүмкіндік болады

AstanaTV
22.11.2016ж. 20:00
2541
Ұлттық бірыңғай тестілеуде бір сұрақ бойынша екі балл алуға мүмкіндік болады

Жаңа оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуде бір сұрақ бойынша екі балл алуға мүмкіндік болады. Мұндай тапсырмалар бітірушілердің мектепте тапсыратын емтиханы барысында да кездеспек.

ҰБТ-ға енгізілген өзгерістер бойынша бүгін Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев есеп берді. Ал жиыннан соң өткен баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, екі ұпайды оқушылар өздері таңдаған профильді пәні бойынша ғана ала алады. Ал негізгі пәндер, математика, қазақ тілі немесе орыс тілі және Қазақстан тарихынан ондай екі ұпайлы сұрақтар болмайды.

Жаңыл Жонтаева, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры:

Бір сұрақта бірнеше дұрыс жауап болған жағдайда, екі балл қосылады. Ұлттық бірыңғай тестте де, мектептегіде де болады. Таңдау пәнінде бірнеше дұрыс сұрақтың жауабы болады.