Бас прокуратура Швециядан Қазақстанға алаяқтыққа оқталу жасады деген күдіктіні экстрадициялады, деп хабарлайды Астана телеарнасы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«2019 жылдың тамызында Алматыда өздерін «Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз» деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауаптылыққа тартамыз деген желеумен 30 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған», - деп атап өті ведомство өкілдері.
Олардың әрекеттерінің жолын кесу кезінде, біреуі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды.
«Кейіннен Қазақстан тарапының өтініші бойынша оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында ұстады. ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен күдікті Қазақстанға жеткізілді», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін осыған тектес қылмыс жасағандар мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.