Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері ел аумағында 5 мыңнан астам ту ілмек

23.10.2023ж. 20:00
891
«Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері ел аумағында 5 мыңнан астам ту ілмек

Республика күніне орай «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері ел аумағында 5 мыңнан астам ту ілмек. Бір ерекшелігі биыл патриоттық шараға барлық өңірдің жастары атсалысуда. Еліміздің байрағын насихаттауға арналған «Менің Елім – Менің Туым» акциясы екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Жастар мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын терең ұғады. Әсіресе, ту -олар үшін қасиетті ұғым. «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері биік ғимараттарға көк байрағымыздың көбірек ілінуіне бастамашы болуда. Олар бұл акция мерекенің құндылығын арттыра түседі дейді.

Сұлтан АЛЛАБЕРГЕНОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ-АУМАҚТЫҚ ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біздің жас рухтастарымыз Қазақстан бойынша халыққа туларды тапсырып, ол туларды үйлеріне ілуге көмектесіп жатыр. Халыққа да ұнап жатыр. Өте қуанып қалады ту берген кезде.

Алматылық жастар көк туды әйгілі «Қазақстан» қонақ үйінің шатырына ілді. Сондай-ақ, Көкжайлау шатқалына арнайы шығып, ең биік нүктесінде байрақты желбіретті.

Мағжан ШАДИХАН, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл акцияның мақсаты - еліміздегі барша қазақстандықтардың осындай үлкен шараға белсене қатысып, ұлттық рәміздерімізді ұлықтап, құрметтеп, насихаттау. Елімізде 500-ге жуық “Жастар Рухының” белсенділері тартылып, 5000 - ға дейінгі ұлттық рәміздерімізді ұлықтап, іліп, әртүрлі шаралар өткізу жоспарда бар.

Игілікті шарадан өзге өңірлер де шет қалған жоқ. Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарының тұрғындары акцияға белсене қатысып, өз қалаларындағы биік үйлерді көк тумен көмкерді. Ал, Павлодардағы С.Торайғыров атындағы университет студенттері өз жатаханаларының әрбір балконына байрақты іліп болған соң, әнұранды аспандата шырқады.

Бәкіжан КӘКІМ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл тың серпіліс барлық студенттердің рухын оятып, рухын көтеріп жатыр. Тек ғана студенттердің ғана емес, көпшілік қауым көретіндей үлкен үлкен көп қабатты ғимараттарға орналастырылып жатыр біздің туларымыз. Жалпы халық өзі тамаша қабылдап жатыр. Халықтың қуанышында шек жоқ. керісінше, көбі суретке де түсіп жатыр. Бұл игі бастама келесі жылы өз жалғасын табады деген ойдамыз.

Шара 25 қазанға дейін жалғасады. Акцияға еліміздің әрбір тұрғыны қатыса алады. Тұғырымызда туымыз желбіреп тұрса, бұл жастардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттырары даусыз.