Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Киелі нысандарды көздің қарашығындай қорғауымыз керек», -экобелсенді

23.10.2023ж. 20:00
755
«Киелі нысандарды көздің қарашығындай қорғауымыз керек», -экобелсенді

Вандализмге қарсы күрес республикалық шарасы өңір-өңірде жалғасуда. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамамен "AMANAT" партиясының "Жастар Рухы" жастар қанаты қолға алып отыр.

Алматы облысында Іле өзенінің бойында орналасқан "Тамғалы-Тас" шатқалынан 50-ден астам қоқыс шығарылды. Жалпы, 10 мыңға жуық петроглиф мемлекеттің қорғауында, алайда қазіргі уақытта киелі орын іс жүзінде полигонға айналған.

Әсел ЗАИРОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Көптеген туристер өздері туралы естелік жазба қалдырғысы келеді. Жартастарда біреудің есімдері, махаббат туралы ойлары жазылған. Біз жер үсті қоқыстарын жинадық, бірақ қазір басты міндет – арнайы техниканы пайдалана отырып, кәсіби реставраторлардың, археолог-мамандардың күшімен петроглифтерді тазалауды бастау.

Тараздық жастар да тазалық эко акциясына үлес қосты. Олар облыс орталығындағы халық көп жүретін «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» ескерткішінің маңын тазалап, сыпырып, тырмалап, қоқысын да қалдырмай шығарды. Белсенді жастар ескерткішті жуып, айналасын арам шөптен тазартты. Аталған шара бір күнмен шектелмейді. Қаланың басқа да аймақтарында апта сайын іске асырылмақ.

Ерғали ӘБУҒАЛИ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Дәл осы сынды акция Республикамыздың 20 аймағында басталды. Қазақстандағы мәдени, тарихи орындарды сақтау. Олардың құртылуына жол бермеу. Акция мұнымен бітпейді бұл қаланың басқа аймағында да өз жалғасын табады. Тарихи мәдени орындарда біз тазалау жұмыстарын жүргізе беретін боламыз.

Игі шарадан Тобыл өңіріндегі белсенді жастар да тыс қалған жоқ. Олар Ыбырай Алтынсарин кесенесінің аумағын тазартып, ауладағы жапырақтарды сыпырды.«TazaLike» акциясына жастар қанатының белсенділері мен тарихшылар, қоғам қайраткерлері де қосылды. Бұл аумақ арнайы күзетіледі. Сондықтан бөгде жазу, вандализм белгілері жоқ.

Нұрбек ӘБДІБЕКОВ, «САНАЛЫ ҰРПАҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ыбырай Алтынсарин кесенесі бұл тек Қостанай облысына емес, жалпы Республикаға маңызды кесенелердің бірі.Ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсарин елімізге , жалпы жұртымызға ағартушылық қызметімен танылған тұлға.Сондықтан да бұл біздің киелі жеріміз.

Аружан СӘРСЕНБАЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей тарихи-мәдени ескерткіштерге біз көп көңіл бөлуіміз керек.Өйткені ол біздің тарихымыз.Және де оған мейірімділікпен, тазалықпен қарауымыз қажет.

Тарихи, табиғи және мәдени ескерткіштерді вандализмнен қорғау жөніндегі акция басқа өңірлерде де жалғасуда.