$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Жасыруға келмейді": Өмірқұл Айниязовтың жұбайы қуанышты жаңалығын бөлісті

AstanaTV
23.10.2023ж. 22:05
1828
"Жасыруға келмейді": Өмірқұл Айниязовтың жұбайы қуанышты жаңалығын бөлісті

Әнші Өмірқұл Айниязовтың отбасы қуанышты жаңалығын көпшілікке бөлісті. Өнер иесінің жұбайы "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтты.

"Адам асыққанмен, Алла асықпайды дейді ғой. Осыдан 2,5-3 жыл бұрын Айсезім қызымызды күні-түні Алладан тілеп, сұрап алғанбыз. Сол қызымыз "майкөтен" болып, тағы сәби күтіп жүрміз. Шүкір, аман-есен дүниеге әкелуді нәсіп етсін. Барынша жасырдық. Тіл бар, көз бар. Енді жасыруға келмей жатыр. Өзіміз көптен күткен қуаныш болғаннан кейін қорқыныш та болды. "Келінмен жасырып" дейтіндеріңіз бар шығар енді. Бірақ біз үшін бұл үлкен бақыт. Келін мен балаға да осы қуанышты нәсіп етсін. Немереге де, балаға да дайынмын", - деді Өмірқұл Айниязовтың жұбайы.

Өмірқұл Айниязов пен жұбайы. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы Сонымен қатар бағдарлама барысында әншінің жұбайымен өткізген гендер-патиін байқауға болады. Гендер-пати барысында әнші мен жұбайы ұстаған отшашудан көк түсті бояу шығады. Айта кетейік, осыған дейін Өмірқұл Айниязов үш қабатты зәулім үйін көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, Өмірқұл Айниязов биыл үлкен ұлын үйлендірді.