Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Әсел Сәдуақасова Дубайға қоныс аударды

AstanaTV
24.10.2023ж. 09:51
608
Әсел Сәдуақасова Дубайға қоныс аударды

Актриса Әсел Сәдуақасова Дубайға уақытша қоныс аударғанын айтты. Өнер иесі өзге елде өмір сүруді жоспарлағанына біраз болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сәдуақасова жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті.

"Мағжан екеуіміз көктемде, Балиде тұрғанымызда шешім қабылдағанбыз. Біз күзде біраз уақыт Дубайда тұрамыз деп шештік. Міне, сол сәт келді. Бақыттымын. Күйеуімнің келгенін күтіп, өз ұямызды дайындаудамын", - деп жазды актриса.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін актриса Әсел Сәдуақасова жүктілігін 20-аптасында дәрігерлер кеңесімен тоқтатуға мәжбүр болғанын айтқан болатын. Сонымен қатар өнер иесі қиын жағдайда күйеуінің қалай қолдау білдіргенін де баяндап берді.