Ұлытауда өткен құрылтайда Мемлекет басшысы осы атаулы мерекені қайта жаңғыртты. Тарихи ақиқат қалпына келді. Дәл осы күні Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған мемлекеттік Егемендік туралы декларация қабылданды. Міне, бүгінгі таңда Республика күні ұлтымыздың ынтымағын, халқымыздың береке-бірлігін паш ететін игі дәстүрге айналып отыр. Осы ұлық мереке қарсаңында еңбегін ел мойындаған азаматтар мемлекеттік және партиялық наградтармен марапатталды.
Мен үшін бүгінгі марапат, бүгінгі осындай құрмет үлкен мәртебе. Ойлап отырсам қоғамдық жұмыспен мектеп жасынан бастап айналысады екенмін. Сондықтан, менің азды-көпті еңбегімді бағалап, марапат ұсынып, құрметтеп отырған "AMANAT" партиясының басшылығына, бәріне үлкен алғысымды айтамын.
Енді, еліміздің экономикасы еңбектен басталады ғой. Еңбек саласында көптеген адамдар қызмет етіп жатыр. Солардың ерен еңбегін бағалап, жоғары деңгейде марапаттау біз үшін үлкен бақыт деп ойлаймыз. Еңбекпен шыңдалады ғой адам. Қайда барсаң да, қандай табысқа жетсең де бәрі еңбектен басталады.