$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада 400-ге жуық отбасына пәтер кілті табысталды

24.10.2023ж. 20:00
849
Елордада 400-ге жуық отбасына пәтер кілті табысталды

Республика күні мерекесінде 400-ге жуық астаналық отбасы баспаналы болды. Салымшылар қуанышты сәтті 10 жыл күтті. Бас қаланың әкімі Жеңіс Қасымбек елордалықтарды мерейлі мерекемен құттықтап, баспаны кілтін табыстады.

"Алтын бұлақ" тұрғын үй кешенінің құрылысы 2014 жылы басталған. Салымшылар пәтер кілттерін 2015 жылы алуға тиіс еді. Алайда құрылыс жұмыстары орта белден тоқтап қалған. Осылайша сақалды құрылысқа айналған тұрғын үй кешені араға 10 жыл салып биыл пайдалануға берілді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Президенттің тапсырмасымен тікелей осы үй "Алтын бұлақ" мемлекеттік бағдарламаға кірді. Бюджеттен қаражат бөлінді. Содан кейін құрылыс қайтадан басталып кетті. Енді мынау үлкен мерекенің қарсаңында 395 отбасы мына мерекені өзінің пәтерлерінде қарсы алатын болады. Сондықтан құтты болсын.

Бұл күнді көптен күткен салымшылардың қуанышында шек жоқ. Үмітті сөндірмей, 400 отбасының далада қалмауына қолдау білдірген Мемлекет басшысы мен қала әкімдігіне дән ризашылықтарын білдірді.

Гүлсім САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін өте ерекше күн. 10 жыл күттік. Дегенмененде әйтеуір бүгін кілтімізді алдық. Барлығымызға қоыс құтты болсын. Сонымен қатар осы үйді салып бітіруге ат салысқан Ас тана қаласы әкімшілігіне және инвесторларға+ үлкен рақмет айтқым келеді.

"Алтын бұлақ" тұрғын үй кешені жалпы 5 блоктан тұрады. Оның бүгінде 2, 3 және 4 блоктарының құрылыс жұмысы толық аяқталды. Ал қалған бөлігі жақын арада пайдалануға берілмек.