Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданында 15 медицина қызметкеріне пәтер кілті табысталды

AstanaTV
24.10.2023ж. 20:00
543
Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданында 15 медицина қызметкеріне пәтер кілті табысталды

Ал Ақмола облысының Зеренді ауданында медицина қызметкерлері баспаналы болды. Ақ халатты абзал жандарға пәтер кілтін аудан әкімі салтанатты түрде табыстады.

Пәтерлер жайлы, тұрмыстық техникамен және жиһазбен жабдықталған. Жергілікті ауруханада еңбек өтілімі 30 жылдан асқан хирург Серік Таңатаров 4 қабатты тұрғын үйден 2 бөлмелі пәтер алды.

Серік ТАҢАТАРОВ, ХИРУРГ:

Бүгін маған квартира берілді. Көп-көп рахмет! Мен өте ризамыз! Бәріне денсаулық тілеймін! Келер мейрам құтты болсын!

Баспаналы болғандарды бірі -Зүлфия Жұмабекқызы. Ол осы Зеренді ауылының тумасы, аудан әкімінің грантына ие болып медициналық білім алған. Туған жерге оралып, Зеренді аудандық ауруханасында қазір еңбек етіп жүр. Мереке қарсаңында пәтер кілтін алған Зүлфияның қуанышында шек жоқ.

Зүлфия ШОЛТЫШОВА, ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕР:

Я очень рада что молодых врачей так ценят и ужавают.....Жас мамандарды осылай бағалап, құрметтегені өте қуантарлық жайт. Менің ойымша, жеке баспананың болуы жас маман үшін үлкен серпіліс. Мансап баспалдағы үшін және табысқа жету жолында үлкен рол атқарады. Бүгін мен өте қуаныштымын!

Салтанатты түрде кілттер табысталған соң, аудан әкімі көпбалалы отбасыларға жаңа теледидар мен тоңазытқыш сыйға тартты.