Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ақсуда 58 жастағы ер адамды көлік қағып, мерт қылды

AstanaTV
25.10.2023ж. 07:08
476
Ақсуда 58 жастағы ер адамды көлік қағып, мерт қылды

Ақсуда жаяу жүргінші қаза тапты. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қазанда Ленин көшесінде ВАЗ-21074 маркалы автокөлікті мінген жүргізуші Еңбек ауылына қарай жүріп келе жатып, бұрылыста жолдың сол жағымен келе жатқан 58 жастағы ер адамды қағып кеткен.

"Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Жүргізуші апат орнынан қашып кеткен. "Ұстау" жоспары енгізілді. Полицейлер жүргізілген іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жүргізушіні ұстады. Ол 41 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлады департамент.

Сондай-ақ сол күні Екібастұзда сағат 22:30-да Абай көшесімен келе жатқан Lada-21144 автокөлігінің жүргізушісі 27 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жолдың жүріс бөлігін белгісіз жерде кесіп өткен. Салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.