Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Сапарымды асыға күтемін": Эмманюэль Макрон Қазақстанға келуді жоспарлауда

AstanaTV
25.10.2023ж. 10:00
597
"Сапарымды асыға күтемін": Эмманюэль Макрон Қазақстанға келуді жоспарлауда

Франция президенті Қазақстанға баруды жоспарлап отыр – бұл туралы Эмманюэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған құттықтау жеделхатында жазған. Бұны Ақорда ресми сайты хабарлады.

Бұған дейін Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бірқатар ел президенттері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түскені туралы хабарлаған болатын.

Құттықтау хаттарының бірінде Франция президенті Эмманюэль Макронның да жеделхаты болған. Ол өзінің құттықтауында ұзақ жылдар бойғы екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты дамыту маңыздылығын атап өткен. Оған қоса алдағы уақытта Қазақстанға келетінін тілге тиек етті.

"Елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту, энергетика, су ресурстары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және шикізат салаларындағы серіктестікті дамыту үшін Қазақстанға жасайтын алдағы сапарымды асыға күтемін", – делінген жеделхатта.