$519.51 €611.83 ₽6.6
×

ШҚО-да вагондар рельстен шығып кетті

AstanaTV
26.10.2023ж. 09:49
818
ШҚО-да вагондар рельстен шығып кетті

«Бұқтырма-Заводинка»темір жолының учаскесінде жүк пойызының 12 вагонының дөңгелек жұптары рельстен шығып кеткен, бірақ аударылмаған, деп хабарлайды Астана телеарнасы Azattyq Ruhy-на  сілтеме жасап.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жағдайды Алтай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының билігі бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері дереу жұмылдырылды.

Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.

Жүк құрамының кен және көмір тасымалдағаны белгілі.