Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Атырауға келді

AstanaTV
23.11.2016ж. 20:00
1648
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Атырауға келді

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызының шапағатын бүгін атыраулықтар көрді. Түске дейін 100-ге жуық адам «Нұр Отан» партиясының жанындағы қоғамдық қабылдауға келді. Сондай-ақ дәрігерлер 165 науқасқа көмек көрсеткен. Пойыз штабының жетекшісі Әміржан Әлпейісовтың айтуынша, көтерілген барлық мәселелер жинақталып, жергілікті  әкімшілік өкілдері мен депутаттар арқылы үкіметке жеткізілмек.

Әміржан Әлпейісов, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы штабының жетекшісі:

Бүгінгі күні 100 ден аса адамды 6 алаңда қабылдадық. + Барлық мәселені қамтып отырмыз. Соның ішінде Атырау қаласының тұрғындарының көтеріп отырған мәселесі жер мәселесі, одан кейін, баспана мәселесі, содан кейін кейбір салада өтініш, мұнай және басқа да өндірістік салаларға жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі көтеріліп отыр.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызының бұл 19-шы аялдамасы. 1 қарашада Астана қаласынан жолға шыққан делегацияның құрамында 271 адам бар. Оның 72-сі медициналық қызметкерлер. Олар ауыл-ауылды аралап, бұқара халықтың денсаулығын тексереді. Сондай ақ министрліктер мен ұлттық компания өкілдері тұрғындардың өзекті мәселерін анықтап, оны шешуге көмектеседі. Меймандар түстен кейін Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен «Менің жетістіктерім - Тәуелсіздік жетістіктері» атты акцияға қатысты. Химия-биология бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептің оқушылары соңғы үлгіде жабдықталған заманауи ғылыми-зертханалық құралдарын пайдаланудың жолдарын көрсетті. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай осы уақыт аралығында Қазақс танның жеткен жетістіктерін театрландырылған көрініспен паш етті.  2013 жылы ашылған білім ордасында қазір 600-ден астам оқушы білім алады. Оның 130-ы ауыл балалары.

Қуаныш Жалғасбаев, Атырау қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

Біздің барлық жастарымыз да қазір ғылымға да, тек ғылым емес, қоғамға да  үлкен үлесін қосып жатыр. Бәрі де ғалым да болғысы келеді. Бәрі де тек қана өз жұмысы, еңбегі үшін емес, бүкіл ел үшін, қоғам үшін, халық үшін жұмыс жасап жатыр. Және бәріміздің ортақ мақсатымыз - Мәңгілік ел  2050 стратегиясы, яғни Қазақстанның үздік 30 елінің қатарына кіруге үлес қосуды мақсат етіп отырмыз.