$520.48 €574.61 ₽6.06
×

Қарағанды облысының Топар кентінде үш адамнан сібір жарасы анықталды

26.10.2023ж. 20:00
1057
Қарағанды облысының Топар кентінде үш адамнан сібір жарасы анықталды

Қарағанды облысының Топар кентінде үш адамнан сібір жарасы анықталды. Елдімекеннің бір кіре берісіне блок-бекет қойылған. Ал екінші бағытта санитарлық бекет жұмыс істеуде. Мал, ет, сүт өнімдерін сыртқа шығаруға, немесе ауылға кіргізуге тыйым салынған. Тұрғындар да бақылауда. Ветеринарлардың ақпаратынша, қауіпті инфекция жұқтырған үш адам - бір отбасының мүшелері. Олар бұзауды сойып, етін жеген. Содан кейін өздерін жайсыз сезініп, дәрігер шақыртқан. Қазір барлығы ауруханада жатыр. Кентте өзге ауру ошағы анықталмаған. Алдын-ала болжам бойынша инфекция сырттан жеткізілген жем-шөптен болуы мүмкін.