Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстан мен Өзбекстан Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы өтті

26.10.2023ж. 20:00
714
Қазақстан мен Өзбекстан Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы өтті

Қазақстан мен Өзбекстан Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Онда екі ел депутаттары сауда-экономикалық, көлік, аграрлық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты және су мәселесін талқылады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Өзбекстан Қазақстанның ең ірі экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Сонымен қатар делагация басшылары парламентаралық ынтымақтастық кеңесі туралы ережеге қол қойды. Енді кеңес отырысы жылына кемінде бір рет тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРЕАҒАСЫ:
Біздің президенттеріміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің жеке келісімдерінің арқасында екі елдің ынтымақтастығы одақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілді. Бұл – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі. Ал мемлекет басшылары барлық келісімнің жоғары деңгейде уақтылы әрі дұрыс орындалуына парламенттік бақылау жасауды Парламентаралық ынтымақтастық кеңесіне жүктеді.