$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Президент Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етті

AstanaTV
26.10.2023ж. 17:48
815
Президент Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапары барысында көрнекті этнограф, фольклортанушы, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етті.

Сапар аясында Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.