Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Нұрғали Нүсіпжанов Жеңіс Ысқақованы жылатып қойды

AstanaTV
27.10.2023ж. 14:05
3038
Нұрғали Нүсіпжанов Жеңіс Ысқақованы жылатып қойды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова Халық Әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың берген батасына жылап қалды. Әртістің жүрекжарды тілегін әншінің өзі Instagram парақшасына жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көп уақыттан бері сахнадан көрінбей кеткен Нұрғали Нүсіпжанов “Сағындырған әндер-ай” музыкалық кешінде бой көрсетті.

“Жеңіс, көкем, ән әлемінің еркесі болып жүре бер! Бұрыннан маған еркелеп жүруші едің, ерке қылығың сарқылмасын! Әніңді тыңдайтын қалың елің қазағың аман болсын! Мына гүл шоқтарын өзіңе арнайылап әкелдім”, – деді қолындағы гүлін ұсынып.

Мұндай сыйлықты күтпеген әнші көз жасына ерік берді.

“Нұрғали көкемнен алған бата мен үшін мәртебе. Жылағым келіп тұр. Өйткені Нұрғали Нүсіпжанов менің анамның сүйікті әншісі болатын. Ағамыз 100 жасасын”, – деді әнші толқып.

Әншінің оқырманы видеоның астына қос әншіге ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.