$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағанды ​облысында сібір жарасын жұқтырған науқастардың бірі көз жұмды

27.10.2023ж. 20:00
792
Қарағанды ​облысында сібір жарасын жұқтырған науқастардың бірі көз жұмды

Қарағанды облысынның Топар кентінде сібір жарасын жұқтырған науқастардың бірі көз жұмды. Ол- 1948 жылы туған азамат. Ал ауру жұқтырған қалған екі тұрғынның жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында. Еске салайық, елдімекенде төрт тұрғыннан сібір жарасы анықталып, ауыл карантинге жабылған болатын.

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

23 қазан күні Абай ауданындағы облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне қолының артқы жағында жарасы бар науқас түсті. «Сібір жарасы» деген диагноз қойылды. Ол ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатты. Алайда, дәрігерлер көрсеткен көмек болмады. Пациенттің өлімі сібір жарасының ауыр сатысы және қатар жүретін аурулардың болуына байланысты болды. Сонымен қатар науқастың медициналық көмекке кеш жүгінуі де өз әсерін тигізді.