$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Таразда сәбиді сатпақшы болған 2 акушер 8 жылға сотталды

27.10.2023ж. 20:00
961
Таразда сәбиді сатпақшы болған 2 акушер 8 жылға сотталды

Таразда адам саудасымен айналысқан акушерлерге қатысты сот үкімі шықты. Осыдан тоғыз ай бұрын нәресте сатып пайда таппақ болған екі акушер 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Қаңтар айында жаңа туған шақалақты ақ халаттылар бір жарым млн теңгеге сатпақ болған. Тергеу барысында анықталғаны сәбиінің саудаға салынғанын биологиялық анасы білмеген екен. Ал баланы сатып алушы да сотта куәгер болып қаралыпты. Cәби сол кезден бері «Үміт» бөбектер үйінде. Қазір анасының ата-ана құқығынан айырылу мәселесі қаралып жатыр.

Айгүл БЕКСҰЛТАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:

Аналық құқығынан әлі айырылған жоқ. Іс бойынша сот үкімді жария етті. Алдағы уақытта баланың тағдыры шешілу үшін сот қорғаншылық және қамқоршылық функцияларды жүзеге асыратын органға тапсырма берді.