Танымал әнші Ерке Есмахан күтпеген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, күйеуі Райм Еркенің несиесін жауып берген, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті.
"Бұл үйді кезінде мен кредитке алып содан жүрдім ғой қанша жыл төлеп. Жұмыс жоқ, үйде отырып қалғанда пандемия кезінде қалай қиналғаным әлі есімде. Раймға күйеуге шығып, арқа сүйеп, жағдайым жақсарып қалды. Күйеуім кредитті жауып, документті банктен алып бергенде қуанышымда шек болмаған. Шүкір. Қазір ештеме ойламаймын, рахат. Сондықтан әзір тұрамыз осы үйімізде, шырайын шығарып, бөпеге тышқызып, сигізіп", - дейді ол.