Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Қазақстанда қай жастағы азаматтар ең жоғары жалақы алатыны анықталды

AstanaTV
27.10.2023ж. 22:57
884
Қазақстанда қай жастағы азаматтар ең жоғары жалақы алатыны анықталды

Ұлттық статистика бюросы елімізде қай жастағы азаматтар ең жоғары жалақы алатынын анықтап, зерттеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика бюросының зерттеу мәліметіне қарағанда, елімізде ең жоғары жалақыны 35-тен 44 жасқа дейінгілер алады екен. Бұл – 356 082 теңге. Одан кейінгі жас аралығы – 45-тен 54 жасқа дейінгілер. Бұл жастағылардың орташа табысы 330 626 теңге. Ең жоғары өсім 45-тен 54 жасқа дейінгі санатта – 20,7 пайыз, ең төменгі өсім 65-тен 74 жасқа дейінгі санатта – 10,7 пайыз тіркелген.