Негізгі / Жаңалықтар / Еуропа Рождество мерекесінің қауіпсіздігіне қамдануда

Еуропа Рождество мерекесінің қауіпсіздігіне қамдануда

Еуропаның бірқатар қалаларында Рождество мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Үкімет тәртіп сақшыларының санын арттырған. Шырша орнату мен безендірулер кезінде тиісті талаптар сақталуда.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті азаматтарға Рождество кезінде Еуропа аумағында теракт орын алу қаупі бар деген ескерту жасады. Мәлімет бойынша, ДАИШ пен "Әл-Каида" филиалдары жарылыс жасауды жоспарлап отырған көрінеді. Азаматтардың адам көп шоғырланған жерде сақ болуы ескертіліп жатыр.

Бірер күн бұрын француз полицейлері теракт ұйымдастырмақ болды деген күдікпен 7 адамды құрықтаған. Қауіпсіздік шараларын Америка да мықтап қолға алды. Мұнда бүгін Алғыс күнін атап өтіп жатыр.