Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Маман фастфудтың миға кері әсерін айтып берді

AstanaTV
28.10.2023ж. 23:17
2269
Маман фастфудтың миға кері әсерін айтып берді

Тағам психиатриясын зерттеуші Элис Джека фастфудтың миға қалай әсер ететінін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маманның сөзінше, фастфуд және басқа жа ультраөңделген тағамдарды тұтыну зейін қою және білім алуға қажетті ми бөлігін кішірейтеді екен. Сондай-ақ ішектегі бактериялар адамның күйзеліске қалай жауап беретініне, серотониннің деңгейіне де әсер етеді.

Ғалымдар бұл процесті толық зерттемеген, дегенмен қазірдің өзінде адамның тұтынған тамақтары ми жұмысына ықпал ететінін білген.

"Зерттеу негізінде жастар бір апта бойы фастфуд секілді зиянды және өңделген тамақтарды жесе, когнитивті қызметтің бұзылатыны анықталды", – дейді ол.

Маманның айтуынша, өмір бойы үлкейіп және кішірейе алатын ми бөлігі "гиппокамп" деп аталады. Ол ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетіне, эмоция мен зейінге жауап береді.

"Біз және өзге де зерттеушілер пайдалы тамақ жемейтін адамда гиппокамптың кішкентай болатынын білдік. Ал пайдалы тамақты көбірек тұтынған сайын гиппокамп үлкейеді", – деп түсіндірді Элис Джека.