$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Костенко шахтасында қаза болғандар саны 35-ке жетті

AstanaTV
29.10.2023ж. 09:12
Костенко шахтасында қаза болғандар саны 35-ке жетті

29 қазан күнгі сағат 09:00-ге келіп түскен ақпарат бойынша Костенко шахтасында мерт болғандар саны 35-ке жетті.

Қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ының мәйіті жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жалғасуда.

“Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды.
Газ жағдайын бақылау жалғасуда”, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.