$521.9 €593.5 ₽6.39
×

ТЖ министрі жарылыс болған шахтаға түсті

AstanaTV
29.10.2023ж. 17:15
1437
ТЖ министрі жарылыс болған шахтаға түсті

Аварияны жою жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов шахтаға түсті. Өрт және кеншілердің қаза болған жерлерін тексеру жүргізілді.

Аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіруде. Ең қауіпсіз және кеншілер болуы мүмкін ықтимал учаскелер бойынша тау-кен құтқарушыларының өту жолдары пысықталуда.

Іздестіру жұмыстары шамамен бір-бірінен 4 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесінің ауданында жүргізілуде.

Тау-кен құтқарушылары қажетті жабдықтармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Газ жағдайын бақылау жалғасуда.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 55 тау-кен құтқарушысы және 15 техникасы жұмылдырылды.

Шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін 21 адам және 7 бірлік жедел медициналық жәрдем техникасы жұмылдырылды.

Бұдан басқа, ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖД-да республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.