Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Желіде "Костенко шахтасындағы жарылыстың" видеосы тарады

AstanaTV
30.10.2023ж. 10:32
652
Желіде "Костенко шахтасындағы жарылыстың" видеосы тарады

Желіде Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы жарылыс кезіндегі деген болжаммен видео тарады. Әкімдік бұл видеоны фейк деп атап, сенімсіз ақпарат көздеріне сенбеуді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарата агенттігі.

Деректерге сай, бұл видео бірнеше бейнелердің монтажы. Ол Қазақстанда түсірілмеген.

"Әлеуметтік желілерде Костенко атындағы шахтада әрекет болып жатыр деген видео таралуда. Бұл видеоның шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз", - деді Қарағанды ​​облысының әкімдігі.

Бұл видеолардың бірі 2022 жылдың маусымында желіде пайда болды. Видеода Севильядағы (Испания) Дос Херманас қаласындағы алюминий қорыту зауытында басталған өрт көрсетілген.

Еске салсақ, Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болғанын хабарлаған едік. Костенко шахтасындағы апаттан қаза болғандар саны 45-ке жетті.