Қазақ эстрадасында 25 жылға жуық тарихы бар Музарт ансамблінің концерт алдындағы дайындығы елді күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Топ мүшесі Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында видео жүктеп, сахна сыртындағы әншілердің дайындығын көрсетті.
Өнердегі әріптесі Ғазизхан Шекербек “Мейрамбек Беспаевтың ел білмейтін өнері мен әзілдерін көрем десеңіздер менің парақшама өтіңіздер”, – деп елді қызықтырып қойды.
Белгілі ақын, бірнеше хит әндердің авторы, Ақберен Елгезек “Жаңа ғана Сәкен мен Мейрамбек видеоқоңырау арқылы 30 минутқа жететін опералық спектакль қойып берді. Күлкіден әлі ішім ауырып жатыр”, – дейді.
Жұлдызды топтың іс-әрекетіне халық күліп жатыр. Қызық та күлкілі пікір жазып жатқан желі қолданушылардың бір парасын жіпке тіздік.