$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Оның көңілінен шығу қиын": Mona Songz келіншегі туралы ел білмейтін шындықты айтты

AstanaTV
30.10.2023ж. 12:49
976
"Оның көңілінен шығу қиын": Mona Songz келіншегі туралы ел білмейтін шындықты айтты

Mona Songz лақап атымен жастар арасында танымал әнші Манарбек Жұматай өз келіншегіне қатысты ел білмейтін шындықты айтты. Өнер иесі өзі хит туындылар шығарғанымен, әйеліне ұнайтын ән жаза алмай жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Mona Songz келіншегіне қатысты қызықты жайтты "Өзіміз ғой" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, шығармашылыққа келгенде әйелінің көңілінен шығу өте қиын.

"Негізі үйде айта береді ғой. Қазір декреттік демалыста жүр. Бірақ, бүгін ол жайлы шындықты айтайын. Ол шығармашылыққа келгенде өте талапшыл. Оның көңілінен шығу өте қиын. Менің әндерім, менің оған жазып берген әндерім оған ұнамайды. Мен оған әндер берсем, маған ренжиді. "Аса көңіл бөлмей жаза салдың" дейді. Үш жылда бір әнді ұнатып жатады", - деп ағынан жарылды әнші.

Оған қоса Мona Songz Жахан Отарғалиевтің фильміне саундтрек жазғанын айтты. Сөзінше, Жахан екеуі біраз уақыт сөйлесе алмай жүрген. Әнші актердің жазған хабарламаларын байқамай қалған.