$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Еліміздің қай қалаларында баспана арзандағаны белгілі болды

AstanaTV
30.10.2023ж. 14:18
1129
Еліміздің қай қалаларында баспана арзандағаны белгілі болды

Баспана бағасы қымбаттаған және арзандаған қалалар туралы Krisha.kz мамандарының мониторингі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Krisha.kz сараптамалық қызметінің мамандары елдің қайталама нарығында баға тұрақты екенін айтып отыр. Қазанда орташа баға әр шаршы метріне 369 мың теңге көрсеткішінде қалған. Қаңтардан наурызға дейін қайталама нарықта пәтерлер сәл қымбаттаған, сәуірден тамызға дейін арзан болған. Енді күзде бағалар тұрақтап отыр: белсенді өсу де, төмендеу де байқалмайды. Болмашы кері динамика 17 қаланың 11-інде тіркелген, оның ішінде Астана, Алматы және Шымкент мегаполистері бар. Ал бес қалада пәтер аздап қымбаттаған. Солардың ішінде ең жоғары баға Ақтауда тіркеліп отыр. Сайт келтірген ең қымбат пәтері бар қалалар бестігі мынадай: Алматы — 707.8 мың теңге; Астана — 473.2 мың теңге; Шымкент — 419.4 мың теңге; Атырау — 386.9 мың теңге; Өскемен — 380 мың теңге. Шаршы метрінің құны ең арзан қалалар бестігі: Қызылорда — 236.7 мың теңге; Ақтөбе — 286.6 мың теңге; Тараз — 301.6 мың теңге; Талдықорған — 304.1 мың теңге; Көкшетау — 305.5 мың теңге.