$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада «Saryarka art fest Astana» халықаралық сән фестивалі өтті

30.10.2023ж. 20:00
817
Астанада «Saryarka art fest Astana» халықаралық сән фестивалі өтті

Астанада «Saryarka art fest Astana» халықаралық сән фестивалі өтті. Жобаға AMANAT партиясы мен «Жастар рухы» жастар қанатыны мұрындық болды. Жарысқа әр өңірден келген 7 дизайнер қатысты. Олар ұлттық киімдермен түрлі сәнді көйлектерді көпшілік назарына ұсынды. Танымал және жас дизайнерлердің ұлттық және басқа да стильдегі киімдерін насихаттауды көздеген шара келер жылы өзге өңірлерде ұйымдастырылмақ.

Меруерт МҰХАМЕДИЯРОВА, "SARYARKA ART FEST ASTANA" ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Негізі "Saryarka art fest"- международный порект. Дегенмен біз қазіргі уақытта бұл жобаны Астана бойынша тек Қазақстандық дизайнерлерді шақырдық. Оның басты себебі, бізде Қазақстандық дизайнерлерді жанағы айтқандай көтеру. Басқа мемлекеттерге қатысуға жолдама бергіміз келеді.
Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Жастар рухы" әрдайым қазақ айдентикасын насихаттауды қолдайды. Бұл жерде өздеріңіз көргендей көптеген дизайнерлер өз коллекцияларын қазақи нақышта жасаған. Сондықтан да бұл байқау басқа өңірлерде де өтетін болады. Алдында Қарғанды облысында өткен. Бұл жалпы өңірдегі дизайнерлерді қолдап, оларға алаң ұсыну.