Самара-Шымкент тас жолының Ақтөбе облысы аумағында екі көлік соғысып, 3 адам көз жұмды. Автокөліктерді Өзбекстан және Тәжікстан республикасының азаматтары жүргізіп келген. Екі көліктің де жүргізуші мен бір жолаушы сол жерде қайтыс болды. Тағы екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен Қобда аудандық ауруханасына жеткізілді.
Асылан ШОТАНОВ, КОБДА АУДАНЫ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Киа Рио автокөлігі мен Шевролет автокөлігінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Жол көлік оқиғасы салдарынан Киа Рио автокөлігінің жүргізушісі және Шевролет көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.