Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Қарызға бата береді". Смайылов кредитті кредитпен жабатындар туралы айтты

AstanaTV
31.10.2023ж. 10:56
555
"Қарызға бата береді". Смайылов кредитті кредитпен жабатындар туралы айтты

Халықтың шамадан тыс кредит алуы үлкен әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып барады. Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет басшысының дерегінше, 1-ші қыркүйектегі жағдай бойынша банктердің тұтыну кредиттерінің портфелі – 9,2 трлн теңге. Бұл орайда, бір қарыз алушыға шаққандағы берешектің орташа мөлшері шамамен 1,5 млн теңгені, ал проблемалық тұтыну кредиттері бойынша – 1 млн теңге.

Кейбір азаматтар мерзімі өтіп кеткен кредиттерін жабу үшін одан да жоғары пайызбен жаңа кредиттер алады.

Осылайша шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен бата береді. Ал банк кредит беруден бас тартқан жағдайда, олар пайыздық үстемесі өте жоғары микроқаржы ұйымдарына жүгінеді. Осылайша адамдар қаржылық сауатсыздықтың кесірінен жағдайларын қиындата береді, – деді Әлихан Смайылов.