Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елімізде шамадан тыс кредит алуға шектеу қойылуы мүмкін

AstanaTV
31.10.2023ж. 11:38
671
Елімізде шамадан тыс кредит алуға шектеу қойылуы мүмкін

Елімізде шамадан тыс кредит мәселесі бойынша заңнама пысықталып Парламент қарауында жіберіледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылоа мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Шамадан тыс кредит алу проблемаларын түбегейлі шешу үшін банктерде және кредит алушылардың санаттарына қарай шектеулер енгізу қажет. Микроқаржылық ұйымдардың, әсіресе «жалақыға дейін» қарыз беретін ұйымдардың шекті кредиттеу мөлшерлемелерін, сомалары мен мерзімдерін қайта қарау қажет. Ұсынылып отырған барлық заңнамалық түзетулер пысықталып, жыл соңына дейін Парламентке енгізілуі тиіс», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің айтуынша, аталған шаралар азаматтардың шамадан тыс қарыз алуын шектеуге және тұтыну кредиттерін беруде тәуекелдерді азайтуға ықпал етеді.

«Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін Оқу-ағарту министрлігі оқу бағдарламалары шеңберінде қаржылық сауаттылық курстарын енгізу мәселесін пысықтауы керек. Ғылым министрлігі бұл мәселелерді жоғары оқу орындарымен бірге қарауы тиіс. Кәмелетке толған жастар өздерінің қаржылық мүмкіндіктерін қалай дұрыс есептеу керектігін, кредитті қалай және қандай кредит алу керектігін нақты түсінуі керек. Мұндай тәжірибе көптеген елдерде бар», - дейді ол.