Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Еліміздің 8 қаласында пәтер жалдау құны арзандады

AstanaTV
31.10.2023ж. 14:24
608
Еліміздің 8 қаласында пәтер жалдау құны арзандады

Елімізде пәтерді жалға беру құны 8 қалада арзандады. Сарапшылар бағаның құлдырауы күздің басында байқалды дейді. Бұл Zakon.kz. хабарлайды. 

Ал күрт өсуі шілде-тамыз айларында сезілген.

Павлодар, Орал, Өскемен қалаларында керісінше үй жалдау құны айтарлықтай көтерілген.

Ал ең қымбат қала – Алматы болып тұр. Онда орташа алғанда әр шаршы метр 6 мың теңгеден есептеледі.

Ең арзан баға Ақтауда тіркелген. Шаршы метріне 2 мың 632 теңге алады.