$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтады

31.10.2023ж. 20:00
860
Президент Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтады

Мемлекет басшысы Түркия Республикасын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Оны мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов оқып берді. Құттықтау хатта Президент Түркия мен Қазақстан арасындағы берік достық қарым-қатынас әлі де нығая түсетінін айрықша атап өткен. Палата төрағасы ТүркПА секілді халықаралық алаңдардағы ынтымақтастыққа да тоқталды. Сондай-ақ, Мәжіліс спикері Түркияның 100 жылдық мерейтойына орай Астанада «Анадолы» көшесі, Шымкентте «Түркия» даңғылы мен саябағы, Алматыда Мұстафа Ататүрікке арналған ескерткіш ашылғалы жатқанын айтты. Ал жақында елордадағы «Ататүрік» саябағында Юнус Эмреге арналған еңселі ескерткіш бой көтерді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі Анадолы қарқынды дамуға қол жеткізіп, жаһандық деңгейдегі көшбасшы, әрі қуатты елдердің қатарына енгенін ерекше қуанышпен атап өтемін. Қазақстан мен Түркияның берік достық пен өзара қолдауға негізделген қарым-қатынастары, ағайын халықтардың игілігі үшін кеңейтілген стратегиялық, әріптестік рухында ғасырдан-ғасырға жалғаса беретініне кәміл сенімдімін.