$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елдегі 4 мыңнан астам лифтінің тозығы жеткен

31.10.2023ж. 20:00
858
Елдегі 4 мыңнан астам лифтінің тозығы жеткен

Астаналық тұрғындарға көпқабатты үйге мініп-түсу мұңға айналған. Өйткені жеделсатының көбі – ескі. Жаңасының өзі күнде бұзылады. Сағаттап лифтінің ішінде қалып қоятындар бар, бір күні жазым боламыз ба деп алаңдайды жұрт. Оған негіз бар. Соңғы жылдары жоғарыға жедел көтерілемін деп, өмірмен қош айтысқандар туралы көп естиміз. Әр кірген сайын жанын шүберекке түйіп жүретіндердің басқа амалы бар ма? Бұл мәселе қашан шешіледі? Аружан Задабек айтады.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Қазір көпқабатты барлығында жеделсаты бар. Бірақ оның бәрінің сапасы сын көтереді деп айту қиын.Кейде лифттің ішінде осылай жарық жанып-өшеді. Тіпті, кейде дірілдейді.
Еліміздегі көпқабатты тұрғын үйлерде шамамен 25 мыңнан астам лифт болса, соның 4 мыңнан астамы ескі. Әсіресе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұрғын үйлердің жеделсатысы тозған.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мен перзентханадан шығып, үйге келген сәтте баламмен лифтте қамалып қалдым. Жаңа туған нәрестеммен 2 сағат бойы қызметкерлерді күттім. Күн суықта сәбиім екеуіміз отырдық. Баламды ауыртып аламын ба деп қатты қорықтым. Жеделсатыға қатысты мәселе көп.
Лифт тұрғындардың ортақ пайдаланатын мүлкіне жатады. Демек оны жөндеу, ауыстыру – солардың мойнында. Оған кететін шығынды да өздері төлейді.

Ғани САПҚҰЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бұзыла береді қайта-қайта. Кішкене реттелді ғой қайта, қанша ақшаға жөндеттік қой. Өзіміз 600 мың шығардық.
Талап бойынша жеделсаты 25 жыл қызмет көрсетуі тиіс. Ал елдегі кейбір лифтілерге 30-40 жылдан асып кеткен. Ескі жеделсатыны жаңарту үшін қомақты қаржы керек. Мысалы, 9 қабатты тұрғын үйдегі бір лифтіні алмастыру үшін шамамен 10 миллион теңге жұмсалады.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Біз Астанадағы тағы бір тұрғынүйдің жеделсатысын тексерейін деп келдік. Кішкене ескі екені байқалады.
Гүлзина АБДРАХМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бір емес, бірнеше рет үлкен адамдар былай тұрсын, оқушы балалар қалып қойған кездер болған. Бір келіншек звондады. Баласы түнгі 1-де қалып қойған. Сенің ұлың түнгі 1-де не істеп жүр деп жауап беріпті.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Мен тұрған дәл осы лифтте осыдан бірнеше ай бұрын осы тұрғын үйдің бір тұрғыны қамалып, тіпті, төменгі қабатқа құлап кеткен. Сорақысы сол, ешкім көмекке келмеген.
Гүлнұр ӘЛІМОЛДАҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Қанша рет ішінде қамалып қалып жатырмыз. Жерге түсіп кетеді. Прямо алтыншы этажға барып мен прям жерге түсіп кетті. Ішінде бақырып, истерика болдық. Қанша рет балалар қамалып қалып жатыр ішінде.
Тұрғындар сапасыз лифтінің өзіне ақша төлейтіндерін айтып шағымданды. Ал пәтер иелері кооперативі жеделсатыны ақылы қылмасқа амал жоқ, - дейді. Өйткені мұндағы тұрғындардың 80 проценті үйді жалға алған. Егер тегін болса, ортақ мүлік әбден бүлінетінін айтады.

Петр ГУСТЕНКО, «ГРАНД ЖИЛ СЕРВИС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
Тұрғындар лифтке жауапкершілікпен қарамайды. Бұл – бірінші мәселе. Екіншіден, ауыр-ауыр заттарды тасиды. Үшіншіден, кнопкаларды дұрыс қолданбайды. Олар өздері жеделсатыны дұрыс қолданбайды. Төбелеседі, түкіреді, дәрет сындырады. Егер біз тегін жүргізсек, тіпті, қадіріне жетпейді.
Рахымжан БЕКТАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ГАЗ ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ КӨТЕРГІШ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Біздің басқарма арыз, өтініштер келіп түсетін болса солардың негізінде қызмет көрсететін лифт ұйымымен бірге орынға шығып, өтінішті қарастырамыз. Лифттің жағдайын тексереміз. Тұрғын үйлерге бірге барамыз. Орта есеппен алғанда айына 10 шақты өтініш келіп түседі лифт жұмысы бойынша.
Қазір елімізде лифт шыға¬ра¬тын үш зауыт бар. Оның бірі – Алматыда, екіншісі – Ақмола облысында болса, үшін¬ші¬сі Талғар қаласында орна¬лас¬қан.