Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Денсаулық сақтау министрлігі кез келген жерден ет алмауға кеңес берді

AstanaTV
31.10.2023ж. 16:53
600
Денсаулық сақтау министрлігі кез келген жерден ет алмауға кеңес берді

Қазақстандықтарға ет және ет өнімдерін рұқсат етілген орындардан сатып алуға кеңес берілді, деп хабарлайды Kazinform.

«Биыл елімізде күйдіргі ауруы бойынша 37 жағдай тіркелді. Оның ішінде 19 жағдай Жамбыл облысында, 15 жағдай Ақмола облысында және 3 жағдай Қарағанды облысының Абай ауданында болды. Қазір стационарда 3 науқас ем алып жатыр. Күйдіргі ауруының жұғуына ауырған малдарды сою, оның етін тасымалдау, сақтау және ауру мал етін кәдеге асыру себеп», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есамағамбетова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, малды ветеринариялық куәліксіз союға болмайды. Сондай-ақ А.Есмағамбетова күйдіргі ауруынан аулық болудың жолдарын атады.

«Ет және ет өнімдерін рұқсат етілген базар, дүкендерден сатып алу қажет. Кез келген жерден сатып алмаған жөн. Етті жақсылап пісіру және толық піспеген еттің дәмін көрудің қажеті жоқ. Тағы бір маңызды жайт күйдіргіні жұқтырған жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайды. Өйткені ол аурудың асқынуына әкелуі мүмкін және өлім қаупін арттырады», - дейді ол.