Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ресейде жанартауға қауіптің "қызыл" коды берілді

AstanaTV
31.10.2023ж. 21:53
798
Ресейде жанартауға қауіптің "қызыл" коды берілді

Ресейдің Камчатка өлкесіндегі "Ключевская сопка" жанартауынан қою қара түтін мен күл көкке ұшып жатыр. Мамандар оған қауіптің "қызыл" кодын белгіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осыған байланысты Ресейдің Вулканология және сейсмология институтының вулканологиялық обсерваториясының мамандары қауіптің "қызыл" кодын белгілеген. Жанартаудың суреттерін KVERT Камчатка жанартау атқылауына қарсы әрекет ету тобының мамандары жариялаған.

Ұшқан күл маңайда орын тепкен Лазо Атласово ауылдарына түскені хабарланды. Алайда мамандар бұдан адамдардың өміріне қауіп жоқ деп хабарлаған. Жанартаудан ұшқан күл оңтүстік-батысқа қарай 192 шақырым жерге дейін барғаны айтылады. Ал биіктігі 12 шақырымға жеткен.

"Жанартаудың белсенділігі айтарлықтай өсті. KVERT спутниктік деректері күл бағанасы теңіз деңгейінен 9,5-9,8 шақырым биікке көтеріліп, жанартаудан оңтүстік-батысқа қарай 192 шақырымға созылғанын көрсетті. Авиациялық түс коды – "қызыл", - делінген хабарламада.

Күл бұлтының таралу картасына сәйкес, ол жақын арада Алеут аралдарына жетуі мүмкін екен. Таралу жолында Петропавл-Камчатка және Елизов ауданында күлдің шамалы қабаты шөгуі ықтимал.