Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді

AstanaTV
01.11.2023ж. 10:59
699
Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Айта кетейік, бұл-Эмманюель Макронның Қазақстанға алғашқы сапары.

Қысқаша әңгіме барысында Үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

 Бұл туралы сағат 20:00-де  ASTANA TIMES-та айтатын боламыз. Жіберіп алмаңыздар.