$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Құны 150 миллион теңге": актер Қайрат Әділгерей қоныс тойын тойлады

AstanaTV
01.11.2023ж. 12:52
1301
"Құны 150 миллион теңге": актер Қайрат Әділгерей қоныс тойын тойлады

Әзіл әлемінің жарық жұлдызы, дубляж саласының үздігі Қайрат Әділгерей жаңа баспаналы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Танымал әзілкеш өнерден тапқан табысын түгел үй соғуға жұмсаған. Оны жұбайы, әнші Бақыт Тұрманова растады.

“Біздің жаңа қонысымыз! Бұл үйімізде ойымыздағы көптеген идеяларымызды жүзеге асырдық. Жылы, атмосферасы жайлы, сапасы мен көркемділігі үйлескен жоба болып шықты. Үйдің құрылысы мен дизайынына 150 миллион теңге кетті”, – деп жасырмады әнші.

Дубляж актеры бала күнінен осындай кең үйді армандағанын, сол жолда қаншама қиындық көргенін еске алды.

“Бала күнімде темір жол вокзалы жақта тұрдық. Өте қылмысы көп мөлтек аудан болатын. Үйіміз төрт бөлме болса да, кішкентай еді. Біздің балалық шағымыз тоқырау заманына сәйкес келді. Көпқабатты үйде тұрсақ та, арықтан су тасып, үйге от жақтық. Табиғи су мен газды бертінде көрдік. Сол көрген қиындық мені кең баспана салуға итермеледі”, – деп әңгімесін бала күнінен бастады.

Айта кетейік, актердың өзі үй соғамын деп жүріп, вирус жұқтырып, ем қабылдап жатқанын айтты.

“Бес күннен бері дәрі ішіп жатсам да вирустың беті қайтпады. Екінші емді бастайын деп жатырмын. Құрғақ жөтел кететін емес. Медбикелер Құдайдан кейінгі адам болып тұр мен үшін. Даусым өшіп, тамағым жыртылуға айналды. Түсініксіз дерт жабысты”, – деп оқырманын сақтануға шақырды.

Желі қолданушылар жұлдызды жұптың жаңа қонысына ақжарма тілектен шашу шашса, енді бірі актердің тез сауығып кетуін тіледі.