$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Кен байыту кәсіпорнында қаза тапқан жұмысшы қауіпсіздік белдігін тақпаған

01.11.2023ж. 20:00
1031
Кен байыту кәсіпорнында қаза тапқан жұмысшы қауіпсіздік белдігін тақпаған

Рудныйдағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту» кәсіпорынында жазатайым оқиға болды. Жұмысшы қаза тапты. Облыстық еңбек инспекциясы бұған қатысты арнайы тексеру басталғанын хабарлады. Кәсіпорын аумағында темірбетонды бөлшектеу жұмыстарын үш адам істеген көрінеді. Соның бірі жазым болған.

Бақыт ҚАШЫРБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қайтыс болған жұмысшы қауіпсіздік белдігін тақпаған.Суға құлап кеткен жұмысшыны балғалы бұрғыдан тоқ соғып, мерт болды деген болжам бар.Енді қазір коммиссия құрылып, арнайы тексеру жұмыстары жүргізілуде.