$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"5 градус аяз, қар": алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

AstanaTV
01.11.2023ж. 21:00
960
"5 градус аяз, қар": алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер қараша айының алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Казгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап. Метеорологтардың мәліметінше, республиканың солтүстік жартысында ауа райы құбылмалы болады. Республика бойынша жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірінде жел күшеюі ықтимал.

Қарашаның алғашқы күндері температура көрсеткіші бойынша елімізде түнде +3...+10 градустан -5...-3 градусқа дейін күндіз ауа температурасы +10...+18 градустан 0...+8 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктер болжамынша, республиканың оңтүстігіндегі кей өңірлерде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде түнде ауа температурасы +3...+5 градус болса, күндіз +10...+17 градустан +15...+20 градусқа дейін аздап жоғарылайды. Сонымен қатар республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжануда.